🧦Таңертең жұмысқа бару үшін шұлығын іздеп жүрген 25 жастағы ерлі-зайыптылардың әңгімесі:
– Жаным, шұлығымды көрдің бе?
– Көрдім, үтіктеп қойғам, тартпаның оң жағында тұр. Қазір алып берейін.
🧦Тура сол жағдай 30 жастарында ерлі-зайыптылар ортасында тағы айтылады. «Жаным» деген сөз жоқ, ұмытыла бастаған.
– Шұлығымды көрдің бе?
– Бәтеңкеңнің ішінде шығар, іздесей!
🧦Қырық 40 жастағы кездеріндегі әңгіме:
– Шұлығым қайда екен?
– Көзің соқыр ма, жатыр ғой ана бұрышта!
🧦Елуді еңсергендегі дегендері: – Мына бұрышта жатқан шұлығым қайда екен? – Мен киіп алды дейсің бе, қара дұрыстап!
🧦Алпыста: – Кемпір, шұлық көрген жоқсың ба? – Шұлығыңмен бірге өзің неге жоғалып кетпейсің осы!
🧦Жетпісте: – Мына шұлықтың біреуі тесік, сыңары жоқ, қалай кием? – Сен қақпасқа біреу қарар дейсің бе, жүре бер солай.
🧦...Сөйтіп 80 жастағы жесір кемпір жылап отыр дейді:
– Сыңарымнан айырылдым-ау, байғұс шалым-ай, өмір бойы шұлық іздеп өтіп едің, енді мен сені іздейтін болдым-ау!
Так что қыздар шалдарыңа ұрыспай шұлығын тауып беріңдер😁